Таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі. Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр. Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.«Біз осындай іскер әрі бағбан азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар» шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң облыс әкімі С. Рақымов ауыл округіндегі «Қазығұрт» сауықтыру орталығы мен балалар лагерінің жұмысымен танысты. «Нұрлан» шаруа қожалығының иелігіне қарайтын демалыс аймағы 2011-2013 жылдары бой көтерген. Жалпы алаңы 2 гектар жерде 44 орындық 11 котедж, 2 қабатты демалыс үйлері, спорт алаңы, асхана, бассейні бар. Жалпы демалыс аймағына 300 млн теңге инвестиция салынған. Демалыс аймағында бұдан бөлек, атпен серуендеу және бие ұсталып, саумал орталығы жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілді
Елбасы биылғы халыққа жолдауында «Агро сектор – экономиканың жаңа драйверіне аналуы керек» деп нақты тапсырма қойды. Осыған орай, үкімет «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадаған болатын. Жобадағы негізгі міндеттердің бірі […]
Қазығұрт ауданында «Отбасы» аллеясы ашылды
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға салынған аллея құрылысы бітпей тұрып-ақ, жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерген. Қазығұрт елді мекеніндегі Отбасы аллеясының лентасын қиған 95 жасар Ұлы Отан […]
Қазығұртта жастар саябағы ашылды
Қазығұрт ауданындағы Шарапхана аулында Жастар саябағы бой көтерді. Жалпы аумағы 2 гектрадн асатын демалыс орнына 1070 түп ағаштар отырылғызды. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде 240 түп қырым қарағайы, 160 түп европалық қарағай, 80 түп жай […]
Пікір қалдыру