Қазығұрт ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Отырабат-Құрылыс» серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының іске қосылу рәсімі өтті. Айта кету керек бұл жоба елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отыр. Кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады.Қазығұртқа іс-сапары барысында кәсіпорынның жұмысымен кеңінен танысқан аймақ басшысы, оның маңыздылығының арта түсетіндігін ерекше атап өтті. «Өндіріс саласында жақсы оқиға, ол осы ауданның және көрші аудандардың қажеттілігі үшін газобетон блогын шығаратын зауыттың іске қосылуы. Құны 120 млн. теңге болатын жобаның іске қосылуы құрылыс үшін маңызды. Сондықтан бұл бастаманы қолдаймын. Аталған аудандағы индустриялды аймақта қазір жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар ашылса, салық түсіп, ел бюджеті молаяды, тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады», — деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жұмыс орындарын ашуда оңтүстіктің шоқтығы биік
Оңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұрнын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ашылған жаңа жұмыс […]
Оңтүстік Қазақстанда төрт басқарма қайта құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта басқару схемасын жүйелндіру мақсатында төрт басқарма қайта құрылатын болады. Бұл туралы бүгінгі өткен алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында мәлім болды. Тарқатып айтар болсақ, өңірдегі […]
Астанадағы Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында 43 мәдени іс-шара өткізіледі
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар […]
Пікір қалдыру