«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті. «Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,1% өсімін қамтамасыз ету көзделуде. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 229,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 31,5%-ға артты (2016 ж. 166,4 млрд.теңге). Оның ішінде сыртқы инвестициялар 42,3 млрд. теңгені құрап, үлесі 14,1%-дан 16,9%-ға көбейген», — деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл басынан бері 14 мыңға жуық іс медияция тәртібімен шешілген
Айта кетерлігі, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында Медиация кеңесі құрылып, өңірлердегі Достық үйлерінде 17 медиация кабинеттері ашылды. Елімізде қызмет ететін 640 кәсіби, […]
Н.Назарбаев: Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым
Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті. Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды. — Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. […]
Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ОҚО-да іске асыру жұмысымен танысты
2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының […]
Пікір қалдыру