Айта кетерлігі, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында Медиация кеңесі құрылып, өңірлердегі Достық үйлерінде 17 медиация кабинеттері ашылды. Елімізде қызмет ететін 640 кәсіби, 3583 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры жасалды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2017 жылы арнайы пилоттық жоба қолға алынып, нәтижесінде жыл басынан бері 13974 іс медиация тәртібімен шешілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ашылған медиация кабинетінде 600-ге жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Облыстағы 4 медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатып, өңірде қызмет атқаратын 44 кәсіби, 546 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры түзілді. Өңірдегі медиаторлардың ықпалымен былтырғы жылы 4 мыңнан астам іс бойынша тараптар ортақ мәмілеге келсе, биылғы жылдың 8 айында 3207 іс сотқа дейінгі тәртіппен шешілді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі талқыланды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» Акционерлік қоғамы төрағасы Марат Садуовтың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға облыстық, қалалық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшылары […]
ОҚО-да 2019 жылға қарай 24 мың тонна мотор майы өндірілмек
Халықтың әл-ауқатының өсуі және автокөлік тұрақтарының көбеюіне байланысты жанармай материалдары мен базалық майларға жылдан-жылға сұраныс артуда. Осы ретте, Шымкент қаласындағы матор май материалдарын өндіретін «HILL» ЖШС зауытызауыты қуаттылығын арттыруды көздеп отыр. «Оңтүстік» индустриялық аймағында индустрияладыру […]
ОҚО-да 1353 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үмітті
2016-2017 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 оқушысы халықаралық олимпиада да, 26 оқушы республикалық олимпиадаларда, 10 оқушы ғылыми жобаларда және өнер мен спорттан 10 оқушы халықаралық жүлделі орындарға ие болған. Ал, республикада жаратылыстану-математика бағыты бойынша […]
Пікір қалдыру