ОҚО әкімдік мен Өңірлік хаб арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейі Түймебаев Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовпен кездесті.

Соынмен қатар, кездесу барысында қос тарап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кету керек, аталған меморандум аясында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесінің өзекті бағыттары көзделген. Мәселен, Әкімдік пен Аймақтық хаб жобалық менеджмент, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, адам ресурстарын басқару және басқа да өзекті салалардағы білім беру және ғылыми-зерттеушілік сипаттағы шараларға қатыса алады.

Жиын барысында сөз алған аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі уақытта халық саны бойынша Қазақстан Республикасында бірінші орында екенін және әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты өсім тенденциясы қалыптасқан өңірлердің бірі екенін айта кетті.

Бүгінде үш миллионға жуық адам шоғырланған Оңтүстік өңірінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан халыққа қызмет көрсетуде қордаланған мәселелер аз емес екенін айтқан өңір басшысы облыстағы бір мемлекеттік қызметшіге 650 – ден астам қызмет алушы күнделікті жүгінетінін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*