Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтағанын айта кету керек. Бұл туралы өңір басшысы Астана мен Алматы қаласынан келген белді тарихшы, ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда мәлімдеді.«Кеше Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығын Қазақстан Республикасындағы ең үлкен оқиғаның бірі деп айтуға болады. Мұндай әліпбимен қазір дүниенің 90 пайызы деп айтуға болады пайдаланады. Осындай қауымдастықтың ішінде Қазақстан да жүруі керек. Бұл латын әліпбиін қолдануды біз жаңадан бастап жатқан жоқпыз. Өткен ғасырдан тәжірбиеміз бар. 1929-1940 жыл арасында біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы жазуды қолданған болатын. Міне, Президентіміз осы қаріпке көшуді қайта жаңғыртып, ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті»,-деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстарда кедергілер болмайтынын айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО 2020 жылға қарай электр қуатына тәуелділіктен толықтай арылатын болады
2020 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы электр жарығына тәуелділіктен толықтай арылатын болады. Іс-шара жоспарына сай биылдың өзінде 87 елді мекен тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылмақ. Бұл мақсатқа биылдың өзінде облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд […]
ОҚО-да алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық […]
ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтіп жатқан «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», […]
Пікір қалдыру