Сарыағаштағы қарқынды бауларда алманың 10 түрлері өсіп жатыр

Сарыағаш ауданындағы «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруашылықтың қарқынды бау түрін жақсылап қолға алған. 2009 жылы құрылған серіктестік 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде қожалық иелігіндегі 36 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алмай бау егілген. Мұнда алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден Делишес, Ред Делишес, Скарлет Спур, Жеромин Гренни Смит, Фунджи, Панк Леди Салтанат түрлері жайқалып өсіп тұр. Жылына 80 млн теңгенің өнімін өндіретін серіктестікте 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі аудан басшысы мен қожалық төрағасына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан барлық жеңілдіктерді тиімді пайдалануды тапсырды.

«Сарыағаш ауданының табиғи-климаттық жағдайы жемістер мен көкөніс көшеттерін өсіруге өте қолайлы. Сондықтан аталған серіктестік басшылығына мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен түрлі несиелік жеңілдіктерді тиімді пайдалану қажет. Ол үшін тиісті құжаттарды реттеп, дер кезінде әрекет еткен жөн. Алдағы жылдары климаты мен топырағы сәйкес келетін өзге аудандарға осы тәлімбақта өсірілген көшеттерді жерсіндіру ісін жандандыруды тапсырамын»,- деді Жансейіт Қансейтұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*