Оңтүстік қазақстан облысындағы Созақ ауданы ауданы көлемінде 8 ай қортындысымен 263 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 266-ға жетіп, яғни 2016 жылдың 8 айымен салыстырғанда 105%-ға артты.Айта кету керек, ауданның кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың 8 ай қорытындысымен 9 млрд. 533 млн. теңгенін өнімі өндіріліп отыр. Бұл көрсеткішті де өткен жылдың 8 айы мен салыстырғанда 102,3% өскенін аңғартады. Мұнана өзге, орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде ауданда құрылған индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Благо Лизинг НПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Дархан-Ас» өндірістік кооперативі ас тұзын өндіру зауыты және «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 млн. 200 мың теңгені құрап отырғанын да айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда оларда 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта 8 айда ауылшаруашылығы өнімдері жоспардағыдан артығымен орындалған
Созақ ауданында биылғы жылдың 8 айында аудандағы барлық санатта 32 230 бас мүйізді ірі қара, 310 591 бас қой-ешкі, 14 542 бас жылқы, 10 366 бас түйе, 21 408 бас құс өсіріліп жатыр. 2016 жылдың […]
Түркістан: Кәсіп үйренушілерге қомақты қолдау бар
Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге, мемлекет қашан да қолдау жасайды. Бұл Жөнінде Елбасы Жолдауында да нақты көрсетілген. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы – азаматтардың өз бейіміне қарай негізінен үш бағытта жұмыс жасауы шарт. Жұмыспен қамту […]
Елбасы: Оңтүстік кәсіпкерлікті дамыту арқылы көшбасшы аймаққа айналуы тиіс
Оңтүстікке жасаған жұмыс сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайрам ауданындағы жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бау шаруашылығында әлемдік тәжірибені қолданатын компания жылына 8-10 мың тонна алма […]
Пікір қалдыру