Жетісайдағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы мақта терімін тиянақты жүргізіп жатыр

Жетісай ауданында ақ алтыннан жақсы нәтиже көрсеткен қожалықтардың қатарында Мақталы ауыл округі Алмалы ауылындағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы да бар. Аталған қожалық биылдың өзінде 160 гектар жерге мақта дақылын сеуіп, 400 тоннадай ақ алтын алуды жоспарлап отыр. Қожалық қазіргі кезде мақтаның әр гектарынан 30 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Бүгінгі таңда қожалық өзіне тиесілі 100 гектар мақта алқабын теріп бітіп отыр.
«Қазіргі таңда қожалығымызда мақта теріміне қажетті техника жеткілікті. 1 «Джондир» комбайнымыз тәулігіне 30 гектарға жуық жердің мақтасын теруге қауқарлы. Бұдан бөлек, бір мақта қабылдау бекетіміз бен 5 тракторымыз бар. Қазіргі кезде қожалықта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған», — дейді қожалық төрағасы Оспан Асанов.
«З-Асаната» фермерлік қожалығы «Джондир» комбайнын ауданға алғаш әкелгендердің бірі. Бұл ретте олар мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы құны 150 млн теңгеге техника сатып алыпты. Қазіргі таңда заманауи техникалардың тиімділігін көріп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*