Жетісайдың топырағы мен климаты зәйтүн егуге қолайлы

Жетісай ауданы әкімі Испаниядан келген қонақтарға әр жерде орналасқан 3 жер телімінің топырағын сараптамадан өткізіп көруге кеңес берді. Сондай-ақ, егер жоба толық іске асып жатса, ауданымыздан зәйтүнді қайта өңдейтін кәсіпорын ашуға болатынын ескертті.

«Біз сіздердің бұл ұсыныстарыңызды қуана қолдауға дайынбыз. Ауданымыздағы егістік жерлердің бәрі дерлік суармалы. Оның үстіне жеке шаруа қожалықтарының иелегінде. Сондықтан біз сіздерге бұған дейін игерілмей жатқан жерлерді де ұсынып отырмыз», — деді Жамантай Қанайұлы.
Айта кетейік, зәйтүн ағашы егілгеннен кейін үш жылдан соң өнім бере бастайды. Егер күтіп-баптауы дұрыс болса, 150 жылға дейін өнім беруге қауқарлы екен. Шамамен 1 гектарынан 10 тоннаға жуық өнім алуға болады. Ал зәйтүннің бір келісі елімізде 35 доллардың шамасында болса, одан алынатын майдың бір литрі 450 теңгеге бағалануда.
Кәсіпкерлер егер топырақты зерттеу нәтижелері оң қортынды берсе, алдағы ақпан айында көшеттерді испаниядан әкеліп отырғызуға әзір екендіктерін жеткізді. Олар сондай-ақ, тамшылатып суару әдісін қолданбақ.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*