Төлебиде 9 айда 24 миллиард теңгенің өнімі өндірілген

Төлеби ауданы әкімдігінің ғимаратында кезекті аппараттық мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары,қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторы 2018 жылдың 9 айында 74 млрд 718,1 мың теңгені құрады. Жан басына шаққанда 640,6 мың теңге болып отыр, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 млрд 185,8 мың теңгеге немесе 14,1 пайызға артты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласынада 2018 жылы 9 айында 24 млрд 503 млн теңгенің өнімі өндіріліп былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстарғанда 4 млрд 777 млн теңгеге артты, ал нақты көлем индексі 107.3 пайызды құрады.
Сондай ақ, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 9 айында 25 млрд 419,3 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады деп экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ашрапов Мансұрбек Жанәліұлы баяндады.
2. Қала, ауылдық округтеріндегі елді мекендерге су есептегіш құралдарын орнату барысы туралы «Ленгер су» мекемесінің директоры Алтаев Асылбек Ермекбайұлы баяндама жасады.
Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 52 елді мекені немесе 94,5% орталықтандырылған құбыр суымен қамтамасыз етілген.
Жиын қорытындысы бойынша, Бауыржан Омарбеков аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдері басшыларынан хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша сұрақтар қойып, бірқатар тапсырмалар берді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*