Әкім аналарға арнап ән айтты

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Созақ ауданы, Сызған ауыл округінің әкімі Серік Сахиұлы еңбегі ерен әже- апалармен, көп балалы аналарға арнап мерекелік дастархан жайды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Барша аналарды көктеммен жарыса жеткен мерекемен құттықтаған ауыл әкімі, мерекелік дастархан басында көпшілікке басын иіп, Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындап, ақ жаулықты жандардың алғысына бөленді. Аналарға ерекше көңіл күй сыйлаған дастархан басында, бала тәрбиесі, отбасында, қоғамда ананың орны сөз болды. Сонымен қатар, Серік Сахиұлы төсек тартып жатқан ақ жаулықты әжелердің үйіне кіріп, оларға сыйлықтар табыс етті.
Айта кету керек, Сызған ауылында «Алтын алқа» алған 98 ана бар. Олардың барлығына аудандық бюджеттен 6000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық та берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*