ҚР ҰҚК хабарлауынша, Тараздың көші-қон полициясы қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Қытай азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз кіргізу жолын ұйымдастырумен айналысқан – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
ҰҚК хабарлағандай, Тараздың көші-қон полициясы қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Қытай азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз кіргізумен ұйымдастырумен айналысқан көші-қон полициясының бұрынғы бөлім басшысы Сейдалиев және оның орынбасары Наурызбаев. Сондай-ақ, ҚХР-ның тумасы Сыламбек деген азамат.
Нақтырақ айтқанда, полиция қызметкерлері жалған құжаттарды пайдаланып, Жамбыл облысында Қытайдың 170-тен астам азаматына заңсыз құжат рәсімдеген.
Кеше, 5 наурызда барлық күдіктілерге сот үкім шығарды. Мәселен, сот Сейдалиевты 4,6 жылға бас бостандығынан айырыды. Ал, Наурызбаева 3,6 жылға сотталса, Саламбек 4 жылын түрмеде өткізетін болды.
Комиететтегілердің айтуынша, қылмыскерлер Қытай азаматтарына әперген ҚР аумағында тұруға құқық беретін ресми құжаттардың күші жойылуы мүмкін. Бұл мәселе қазір шешілуде екен.
Пікір қалдыру