Әсия Темірбаева: «2020 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер түрі толығады»

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевын портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайды.
«2020 жылдан бастап 5 бизнес-процесстің 2 түрін порталға ауыстыру жоспарланып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету. 2020 жылдың көктемінен бастап қызметтердің қалған 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда (санаторлық-курорттық, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері)», — деді Әсия Темірбаева.
Порталды енгізудің ерекшеліктері: қызмет алушының жеткізушілермен делдалдарсыз тікелей өзара әрекеттесуі; жеке қажеттіліктердің есепке алынуы; тауарлардың кең таңдауы; оңалту құралдары мен қызметтері нарығына тең қолжетімділік; мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуы және автоматтандырылуы; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингін күшейту.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*