ТҮРКІСТАН: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Түркістан облысында 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, бұл облыс халқының 4,7 %-ы, республика бойынша 13,4 %-ы. 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевы мәлімдеді.
«Біздің негізгі мақсатымыз – оларды белсенді қоғам өміріне тарту. Осы мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғаудың және қолдаудың кешенді шаралары қарастырылып отыр. Оның ішінде жәрдемақылардың 4 түрі (жалпы және кәсіби аурулар, еңбекте мертігу, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен бері мүгедек жандар), қызметтер мен оңалту құралдарын, санаторий-курорттық емдеуді, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну», — деді Әсия Құралқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселелер алдағы уақытта әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы шешілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*