ОҚМУ-да «Ашық есік» күні өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің акт залында Шымкент қаласының мектептерімен, колледждері  бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс — шараны филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы жүргізді.

«Ашық есік» күніне № 6, 8, 32, 37, 47, 50, 61, 70, 78, 79, 86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері сынып, топ жетекшілерімен келді.

Бұл шараға Калифорния университетінің оқытушысы (АҚШ) Ави Тэффер, Урумчи экономикалық университетінің оқытушысы, магистр (Қытай) Луань Син Жунь, Н.Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ОҚМУ-нің докторанты Махмудов Гаухарбек Равшанбекович бітірушілерге қызықты сұхбаттарын берді. Сондай-ақ университеттің бас  ғимараттың Акт залында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» шарасы да қатар өтті.  Мектеп және колледж бітірушілеріне университет туралы толық мәлімет берілді. Оқу зертханалары көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Кеш барысында университетіміздің тарихы, мамандықтары туралы видеороликтер көрсетілді.Мамандықтар туралы кітапшалар, үлестірмелі парақшалар тарқатылды. Іс-шара соңында мектеп бітірушілерге экскурсия ұйымдастырылды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*