Шымкенттегі ОҚМУ еліміздегі ЖОО арасында алғаш болып студенттердің шәкіртақысын көтерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университет пен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға өсіру туралы айтқан болатын.

Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмасын Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ті еліміздегі ЖОО-ы арасында алғаш болып қолға алды. Аталмыш оқу орны өз студенттері мен магистранттарын тіпті доктарантурада оқитын жастардың да  шәкіртақысын  көтеріп жатыр.  Университет ректорының пікірінше, білім ошағының шәкірттеріне жасаған қаржылай қолдауы, ізденушілердің білімге деген ынтасын арттыра түсуі тиіс.

«Президент тапсырмасына сәйкес еліміздегі жоғары оқу орындарының арасынан алғаш болып бұл тапсырманы жүзеге асырдық. Оқу орнынынң қаржылық-экономикалық әлеуетін үнемдей отырып, студенттер мен магистрант, доктаранттардың шәкіртақысын 25 пайызға көбейттік. Бүгінгі таңда студенттердің бірқатары бұл қаржыға қолжеткізіп те үлгерді. Қазіргі таңда университетіміз ең басты мәселені білім сапасына және диплом алған соң жұмыспен қамтылу жағына аса мәнберіп отыр. Сондықтан теория мен қатар өндіріске ерекше ден қойылған. Жуырда ашылған өндіріс базасынан студенттеріміз көп нәрсені үйренеді деген ойдамыз. Студенттердің әлеуметтік жағдайына мән бергенде ғана сапалы білім болатынын түсінеміз» -деп, ОҚМУ-дың  «Жастар орталығына» жиналған шәкіртақы иегерлерін университет ректоры Дария Қожамжарова құттықтады.

Шәкіртақы өскелі студенттердің де көңілі шат. Ізденушілер Қасым-Жомарт Кемелұлы мен университет басшылығының үмітін ақтау үшін қолдан келгенше тырысып бағатынын айтады. Бұны болашаққа жасалған инвестиция деп біледі. Өйткені, университет қабырғасынан түлеп ұшқаннан кейін, тәжірибе жинап, өз саласының кәсіби маманы болып, ел экномикасының қалыптасуына, қазақ елінің тәуелсізігін нығайта түсуге үлкен септігін тигізетіндеріне сенімді.

«Былтырғы шәкіртақы 20100 теңге болатын, жақында 26180 теңге алдым. Шынымды айтсам, алғашында өз көзіме өзім сенбей қалдым. Тіпті, қуанышым қойныма симады десем болады. Біз секілді ізденімпаз жастар үшін бұл үлкен көмек. Сөз жоқ, жастар мемлкет басшысының, университет басшылығының қамқорлығын сезініп келеді. Әр жақсылықтың міндетті түрде өтеуі болады.  Сондықтан, біз бар күшімізді сарп етіп, білім алып елдегі білім мен ғылымның, технологияның, қысқасы барлық саланы дамытуға, бәскеге қабілетті етуге аянбай еңбек ететін боламыз»,- дейді «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің 3 курс студенті Ахмади Отыншиев

Айта кетейік, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де оқитын 28 мың жастың бүгінде 17 мыңы осы жеңілдікке ие болып отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*