ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ!

Құрметті салық төлеушілер, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына салық салу және кедендік төлемдер туралы туындаған сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажетілігі жоқ екендігін хабарлай отырып, әр аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарында бірыңғай байланыс орталықтары құрылғандығын жеткізеді:

-Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде;
-Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
Кедендік бекеттерінде:
-«Шымкент-кедендік ресімдеу орталығында»;
-«Әуежай-Шымкент»;
-«АЭА Оңтүстік», барлық туындаған сұрақтарға жұмыс күндері сағат 9-00 ден 18-30 дейін байланыс телефондары арқылы жауап алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көпшілігін электронды тәсілмен алуға болатындығын хабарлаймыз.

Сондай-ақ, 2019 жылға арналған салық нысандарын тапсыру мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылады, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін, бірақ электрондық түрде ұсынылған жағдайда.

Сонымен қатар салық төлеушілерден ұзарту туралы қосымша өтініштер мен хабарламалар жолдауды талап етпейді.
Салық және кедендік заңнамалары бойынша ақпараттарды Департаменттің интернет-ресурстарында (http://shymkent.kgd.gov.kz, Твиттер, Фейсбук, ВК, Инстаграмм -акаунт dgd.shymkent) алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-33-83 байланыс телефонына хабарласуларыңызға болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*