«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған өз мақаласында партия мүшелері сауапты істердің алдыңғы қатарынан табылуы тиіс деп атап өтті.
Елбасымыз өз мақаласында мемлекет осындай қиын сәтте қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын айтты. «Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз», — деді партия төрағасы.
Ендігі ретте Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмысты қадағалап, рет-ретімен орындауға кірісуі керек. Елбасы әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет екенін де атап өтті. Бұл дегеніміз, Елбасының халыққа деген қамқорлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі десек, партия төрағасы ең бастысы халық денсаулығына ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Олай болса, өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда!
Еркертулерге құлақ асып, бейресми ақпараттарға бой алдырмай үйде отыруымыз қажет! «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей бірлігімізді көрсететін сәт қазір. Біз біргеміз!
Елбасының Бірінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде «7-20-25» бағдарламасы әзірленіп, ойдағыдай іске асырылуда екені өздеріңізге белгілі. Бағдарламаның талаптары көптеген жұмыс істейтін қазақстандықтарға тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді, өйткені кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%, […]
Түркістан қаласында «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы өтті — деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған акцияда «Mega city» сауда саттық орталығына мемлекеттік Ту орнатылып, мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында […]
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту мақсатында іске асырылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының облыстық форумы өтті. Басты мақсат — мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар аясында жастарды еңбекке ынталандыру және оларды […]
Пікір қалдыру