Түркістан: Мақтарал ауданының екі ауылын су басты

Түркістан облысы Мақтарал ауданында екі ауылды су басып қалды. Ауданның​ Өзбекстанмен шекаралас елді мекендерінде су басу қаупі артып тұрғындар түн ішінде эвакуацияланды. 1-мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетіп Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елдімекенін су алып кеткен.
Мақтаарал ауданы шекарасындағы «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су өткізу қуаты секундына 120 м3 болса, ағын судың қаттылығына қарай секундына 180 м3 боп​ су арнасынан шығып кеткен. Салдарынан 2 мамыр күні сағат 01.30 минут шамасында Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекеніне су басу қаупі туындаған.

«Бөгеттің бұзылуы кезінде су қоймасындағы су көлемін азайту мақсатында облыс басшылығының шешімімен орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде​ Мақтаарал ауданының шекарасындағы Сардоба, ВС-1, ВС-1.1, ВС 1.1.9, ВС-1.1.7, ВС-18, Южный, Д-3, Қарой, Центральный коллекторлары суға толып қалды. Өзбекстан республикасының ТЖМ мәліметінше 1 мамыр күнгі 20.15-те Сардоба су қоймасынан ҚР аумағына су ағызу​ тоқтатылған,»- деп мәлімдеді Түркістан облысы өңірлік коммуникациялық қызметі.​
Жеңіс ауылында​ 288 тұрғын үй, 1922 тұрғыны бар. Оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер).​ Сондай-ақ, Жаңа тұрмыс ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел адам, 132 балалар мен жасөспірімдер бар. Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылды. Су астында қалған екі ауылдың тұрғындары түнде Мақтарал ауданының орталығы Мырзакентке эвакуациялаған болатын.
Таң ата Мырзакент қалашығын да су басу қаупі туындап, енді жұрт жаппай Жетісай ауданының Атакент кентіне көшірілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*