Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.
Жаңа желінің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылған.
Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қоса, жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленген. Жаңа желінің ашылуының арқасында 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.
Фабрика ең озық заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру