Шымкент: «SHYMKENT» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

«SHYMKENT» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды. Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы болып Бауыржан Тоқболатұлы Канкин тағайындалды.

Канкин Бауыржан 1987 жылы 23 маусым күні Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Экономика бакалавры, «Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік магистрі. Канкин Бауыржан Тоқболатұлы еңбек жолын 2007 жылы «ABN AMRO Bank» / «Royal Bank of Scotland»ақ операциялық департаментінің маманы қызметінен бастады. Сонымен қатар «Deloitte» ЖШС, «Темірбанк» АҚ, «Arcelor Mittal Теміртау» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Union Bancaire Privee (Женева, Швейцария) кеңесшісі және «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ Активтерді басқару бойынша қызметтер нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Үш жыл бойы «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сондай ақ  Supernanny.kz жобаның негізін қалаушысы. Мамырдың 22-нен бастап директорлар кеңесінің шешімімен «SHYMKENT» ӘКК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалып, іске кірісті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*