Пандемия: Қатаң тәртіп пен сақтық-қалыпты өмір кепілі

Коронавирус инфекциясы адамнан адамға ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде жұғады. Сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттармен және ауа, тамақ өнімдері және тұрмыстық заттардан да жұғады. Індеттің қысқа уақытта көп адамға жұғатынын ескере отырып әр азамат өзі сақтанса вирустың қоршаған ортаға таралуына тосқауыл болар еді.

Сақтанудың жолы қандай? Ең әуелі медициналық маска киіп жүру және оны жиі ауыстырып тұру қажет. Мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз. Ауру белгілері бар адамдарға жақындау сіздің денсаулығыңызға да қауіп төндіреді.

Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақтану алдында алдында қолды кем сабынмен жуып, үнемі антисертик құралын жиі қолдану керек. Сонымен қатар, сауда жасағанда төлем карталарын пайдаланғаныңыз дұрыс. Инфекция ақша арқылы да таралатынын ескеріңіз.

Бүгінде еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 13 558 жетті. 8531 емделіп шықса, 67 адам қайтыс болды. Ал Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар – 1022 адам.Егер әр азамат карантин тәртібіне бағынбай, сақтық шараларын сақтамаса жоғарыда келтірілген цифрлар екі немесе үш есеге артуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*