Шымкент қаласының әкімі бір аптада екі рет короновирус инфекциясына тест тапсырып тұрады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің короновирус инфекциясына тапсырған тест нәтижесі теріс шықты. Соған қарамастан Мұрат Дүйсенбекұлы өз жұмыс кабинетінде қашықтықтан​ жұмыс істеуде екен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбек фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
​ ​ ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың COVID 19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғаннан кейін журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің денсаулығы жөнінде сұрақтар көбейген. Елжан Біртанов 10-маусым күні Шымкенттегі құрылысы аяқталған жұқпалы аурулар орталығын көріп қайтқан болатын. «Десе де, қала әкімі оған дейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. Ал​ жиындарды онлайн режимде өткізіп отыр. Яғни, сақтық шаралары өз деңгейінде сақталуда. Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде​ аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест​ тапсырып тұрады.​ Қала әкімінің денсаулығы үшін алаңдаған азаматтарға алғыс айтамын!,»- деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*