Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру  жұмыстары күшейтілді. Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды.

Атап айтар болсақ, Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше бар. Бұл аталған жерлердің барлығы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті қарқынды түрде коронавирус инфекциясына қарсы дәріленіп жатыр.

Барлық дезинфекциялау жұмыстары кезең-кезең бойынша, тиісті дәрі-дәрмектерді пайдаланып атқарылып жатыр. Короновирус инфекциясының алдын алу және сақтық шараларын қолға алу мақсатында Шымкент қаласының барлық аумағында, яғни төрт бірдей ауданда да залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Өзіңіздің және жақын туған туыс пен обасыңыздың амандығы мен денсаулығы үшін аты жаман індеттің алдын алу және сақтық шараларын қолға алғаныңыз абзал. Әлемдік пандемияға байланысты елімізде ғана емес, бүкіл жер шарының жұртшылығы алаңдаулы… Сіз де болашағыңызға бейжай қарамаңыз!

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*