Шымкент: Әділет департаментінде «Adaldyq alany» фронт-кеңсесі ашылды

Шымкент қаласының Әділет департаментінде «Аdaldyq alany» фронт-кеңсесі ​ ашылды. Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Шымкент қаласының Әділет департаментінде Департамент басшысы Орынбасар Тастановтың және ​ ​ Республикалық «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгуловтың сонымен қатар, ​ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ​ Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Әділет департаментінде «Аdaldyq alany» ​ фронт-кеңсесі ​ ашылды.

«Аdaldyq alany» ​ фронт-кеңсеcін ашудағы негізгі ​ мақсат — ​ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен азаматтардың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыруға және ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне бағытталғандығын көрсетеді,»- дейді Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері.

Жаңа кеңсе Шымкент қаласы  Әділет ​ Департаменті ​ ғимаратының ​ ішінде ​ орналасқан. Аталмыш жоба аясында ​ мемлекеттік мекеме қызметкерлері азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік ​ қызметтердің ​ бағыттары бойынша қабылдау жүргізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру мен қатар ашықтықты көрсетеді. Салтанатты түрде ашылған кеңсенің қарапайым халыққа тигізер пайдасы көп болар деген үміт көп.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*