АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ – АДАМДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Шымкент адалдық алаңы» жобасы аясыда «Шымкент-Цирк» МКҚК ұжымымен кездесу өткізді.

Шара барысында Шымкент қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы Сәкен Алимов сыбайлас жемқорлықтың фактілері мен оны жою жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлеріне мәдениеттілікті жұмыс барысында қолдана отырып, адамдық қарым-қатынастың ең биік дәрежесінде болудың қыр-сырымен бөлісті. Істеген жұмысыңызға адалдық еткен еңбектің тәтті нанын жеуге сеп болатынын да жасырып қалмады. Айта кетейік, 2019 жылы жұмысын бастаған «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты –мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықты мемлекеттік билік органдарына дген сенмін арттыру. Осы орайда, Цирк ұжымындағы ынтымақ мен бірлікті нығайтып, пара алу немесе беру салдарының соңы қалай аяқталатынын да дәлелмен жеткізе білді.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерді жыл басынан бері аралап келе жатырмыз. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның салдарымен күресуді басты бағытымыз деп алып, осы жолда мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлеріне бар білгенімізбен бөлісіп, оларға жемқорлықпен бірге күресуге үндеу салып жүрміз»- дейді «Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкері.
Шара соңында, Сәкен Құдайбергенұлына қызметкерлер көкейінде жүрген сұрақтарн қойып, тұщымды жауаптар алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*