Шымкент: «Халқымыз біздің байлығымыз»

“Халқымыз біздің-байлығымыз”. Шымкентте осындай атаумен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды ерте анықтау мақсаттында іс шара өтті. Игі іс шара аясында білікті дәрігерлерден құралған бригада қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтап және тиісті жеке қорғану құралдарын пайдаланып қаланың шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізді.

Арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында елді мекендерде табыла бермейтін дәрігерлер де бар. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог пен стоматолог, маммолог пен онколог, кардиолог пен окулист сынды мамандар жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетті.
Сондай-ақ шара аясында мамандар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы барып, коронавирус инфекциясы турасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, инфекциядан қорғану жолдары туралы кеңес берді. Осылайша әлем жұртшылығын алаңдатып отырған қауіпті дертпен күрестің алғышарттары мен короновирус инфекциясының алдын алу және сақтық шаралары туралы толығырақ мәлімет берілді. Арнайы маман дәрігерлердің кеңесіне риза болған тұрғындар жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*