Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан айықты

Шымкент қаласында өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмония дертінен құлан таза айығып шықты. Дәрігерлер кейуананың денсаулық жағдайы ауыр боп, өкпесінен қан кеткенін айтады.

Шымкент қаласының 82 жастағы тұрғыны
Галина Хрущева өкпесінің дерті өршіп 2020 жылдың 26 маусымы күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозын қойған.

Қарт кісіні тексере келе мамандар оның өкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қан кеткен.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер қарт науқасты 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтау бөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Жүйелі әрі білікті жүргізілген ем домның арқасында 82 жастағы науқастың  денсаулығы жақсарып, 06.07.2020 жылы ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.

«Барлық медицина мамандарына алғыс айтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер”, — дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*