Түркістан облысы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары еліміздегі пандемия салдарынан жарияланған карантин кезеңінде мониторингтік жұмыстар атқарды. Олардың бірі — 13-21 шілде аралығында облыс аумағындағы жалпы саны 648 дәріханаға мониторинг жұмыстарын жүргізілген. Жеті күн бойына жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында 23 дәріхананың дәрі-дәрмекті шектік бағадан асырып сатқандығы және 2 дәріхананың мемлекеттік лицензиясыз жұмыс жасап келгендігі анықталып, тиісті мекемеге шара қолданану үшін құжаттар жолданған.
«Кеңсенің тағы бір маңызды бастамасы — кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдауға арналған «Protecting Business and Investments» жобасы. Мақсаты – өңірде қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторларды мемлекеттік сүйемелдеуге алып, олардың инвестицияларын мемлекеттің кепілдігімен қорғау. Қазірге дейін жалпы сомасы 429 млрд теңгеден астам 25 ірі кәсіптік субъектімен келісім-шартқа қол қойылған», — деді кеңсе жетекшісі.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру және ертеңгі болашақ – қазіргі жастардың қолында екендігін ескере отырып, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іске асырып отыр. Солардың бірі — Парасаттылық мектебі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Парасаттылық орталығы және колледждерде 59 Парасаттылық мектептері ашылған. Сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында өңірдегі 61 колледжде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылып, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында шаралар өтуде.
Пікір қалдыру