Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері жыл сайын 12-15 мың гектарға жуық жерге мақсары дақылын егіп, мол өнім жинап келеді. Жиналған өнімнің бір бөлігі тұқымға қалдырылып, қалған бөлігі облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін май зауыттарына сатылды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мақсарыны ауыспалы егіске пайдаланып, жерді түрлі арам шөптерден тазарту үшін егуде.
Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсары егілген алқапқа мал түспейді.
2019 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері мақсарыны 12584 га жерге отырғызып, егілген егістіктен 10,5 (13020 тонна) центнерден өнім алған болатын. Ал, биылғы жылы өнім көлемі артып, 12 398 гектар жерге егілген мақсарыдан өнімділігі 14 630 тонна дақыл алынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікір қалдыру