ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЦЕХ ЖЫЛЫНА 15 МЛН ЛИТР МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕДІ

Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді. Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн литр минералды су өндіреді. Жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды. Бүгінде 50 адам жұмыс істеп, мұнда тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Арыстағы шипалы сусын 1800 метр тереңдіктен алынады.
Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Яғни арнайы білікті мамандардың мақұлдауынан өткен. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Қазірге дейін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімі Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына жөнелтіліп жатыр. Алдағы уақытта Арыс минералды суы республиканың өзге облыстарына жіберіледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аталған серіктестік 30 млн теңге қаржы жұмсап, емдік монша да салған. Онда бір уақытта 80 адамға қызмет көрсетіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*