«Жастар өзгеруді бастады! Сенде өзгер!» ұранымен «Jas Otan» жастар қанаты «Бірге өзгер» атты акциясын жариялайды. А. Асқаров атындағы дендросаябақта шымылдығын түрген игі шара 26.10.2020 – 06.11.2020 аралығында 10 күн бойы жалғасатын болады.
Қазіргі таңда әсіресе жастар кежегесін кейін тартып, салауатты өмір салтына аса көңіл бөле бермейтіні мәлім. Ал денсаулыққа салғырт қарап, өз өміріне жауапкершілік алмау орны толмас өкінішке әкеліп жатады. Өзгеріске табандылықпен құлаш сермеу қашанда оңай шаруа емес. Оған тек қайсарлық пен табандылық қанына сінген, жүрегінің түгі бар адам ғана қауқарлы. Осы орайда, жақсылыққа батылдықпен ұмтылған «Jas Otan» жастар қанатының жаңа бастамасы даму мен оң өзгерісті ту етіп, жастарды «өзін» жеңуге шақырады.
Марафонның әрбір қатысушысы дене шынықтыру бағыты бойынша турник, Workout алаңдары, жүгіру және т.б. бойынша жаттығу нәтижелерінің скриншотын жүктеп отыруы қажет. Ал шығармашылықпен айналысатын жастар аспаптарда ойнап, өлең оқып, шығарма жазу арқылы жобаның қатысушысы болады. Жалынды жастардың өзін-өзі дамытуға құштар бөлігі түрлі курстарға қатысып, оқулықтар оқып, әлеуметтік желіде видео немесе пост жарялауы тиіс.
«Jas Otan»-дықтар аталмыш челленджді Шымкент қаласының орта және жоғарғы оқу орны жастарына, кәсіпорын жастарына сондай-ақ, қаламыздың барша жас азаматтарына жолдап, қолдау көрсетуге шақырды.
Пікір қалдыру