«ЫНТЫМАҚТЫ ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ БЕКЕМ»

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті  ғимаратында «Ассамблея жастары» мен «Достық» клубы бас қосты. Аталмыш жиынды «Достық» клубының басшысы Г. Сейдахметова жүргізді.

Түрлі ұлт өкілдерінің мүшелері жиналған жиын еркін форматта өтті. Шара барысында «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Бүгінгі таңда, техниканың қарыштап дамыған заманында қай сала болмасын әлеуметтік желі жұртшылықпен байланыстырушы құрал болып тұр. Алайда сол желідегі түрлі контенттер елге пайдасы бар, жастарға тиімді болғаны дұрыс. Бұл басқосудың алға қойған мақсаты да осы болды дейді ұйымдастырушылар.

 

Басқосуда жалынды жастар бір -бірінің ойларын толық тыңдап, тың идеяларынан өзгеше ақпар ала білді. ортаға тасталған ойды толықтырып жүйелі нәтижеге қол жеткізуге жұмыла кірісетіндігін атап өтті. Біраз қатысушы өздеріне ұнаған ойлар мен түйіндеулерді қағазға түртіп алып отырса, ойына тоқыды.

Сонымен қатар, шараның басты ерекшелігі түрлі этнос өкілдері бой көрсетті. Жастар  бірігіп елдің тыныштығын сақтауға., ынтымақ пен елдің татулығын сақтауға өзара келісе білді. дәл осындай шаралар алдағы уақытта кезеңімен өткізілетін болады.
Бірлестік басшылары елдегі ұлттар арасында тұрақтылық пен татулықтың тұғыры берік болуы үшін берекелі бастамалар жолын жалғастыратындықтарын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*