«Nur Otan»: «AZALA COTTON» ЖШС-гі жалақы мәселесі қоғамдық кеңестің бақылауында

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің көшпелі  отырысы болып өтті. Күн тәртібінде «AZALA COTTON» ЖШС-гі жұмысшылардың жалақы мәселесі қаралды.

Абдукаримов Мақсат Серікұлының төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысында, алғаш болып қалалық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов сөз алды.

«19 қазанда жергілікті «Отырар» телеарнасының жаңалықтар қызметі, біздің кірістер департаменті «AZALA COTTON» ЖШС-де қосымша табыс бар деп есептеген. Сөйтіп өзінің заңнамаларына сәйкес қосымша табыс көзіне салық салған.  Сол себепті, серіктестікке 50 күн алдын хабарлама берген. Қателеспесем, серіктестікке 25 миллион теңгенің салығын төлеуге хабарлама береді. Өндіріс орны басшылығы ол хабарламаға 50 күн бойы жауап бермегеннен кейін, 51 күні салық органдары өздерінің заңына сәйкес, есеп шоттарын бұғаттаған»дейді қаламыздың бас еңбек инспекторы.

Ал, «AZALA COTTON» ЖШС-нің қаржы жөніндегі директоры Сәбит Байтилеуовтың айтуынша, қызметкерлердің еңбекақысы өндіріс орнының есеп шотында тұр. Тек салық органдарымен туындаған түсініспеушіліктің салдарынан қаржы бұғаттаулы екен. Енді азалалықтар мәселені сот арқылы шешуді көздеп отыр. 

«Біріншіден, салық органдары өндіріс орнының барлық табысына емес, сол салыққа қарыз көлеміндегі қаржыны бұғаттау қажет еді. Екіншіден, жұмысшыларға жалақыны қолма-қол төлеуге де болар еді. Бірақ, ол үшін кассада қомақты қаржы болу шарт. Салық органдарымен мәселені сот арқылы шешіп, қызметкерлердің жалақысын қазан айының соңына дейін төлеп бергендеріңіз абзал»,- деп отырысты түйіндеді кеңес төрағасы Мақсат Серікұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*