«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Аймақты дамыту қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселе біреу, жаңа әуежай терминалының құрылысы мәселесі. 4 қабаттан тұратын зәулім ғимараттың құрылысы мәселесін кеңес мүшелері бекер май шаммен қарап отырған жоқ. Өйткені, партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, терминал биыл қолданысқа берілуі тиіс еді. Жыл болса бітті, құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оның себебін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов былай түсіндіреді.
«Жасыратыны жоқ бүкіл әлемді жайлаған пандемия құрылыс жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтірді. Біріншіден скаттықтар жоспарлағкан табысына қол жеткізе алмады. Екіншіден құрылысқа қажетті шетелден келетін мамандартарту бойынша шектеулер туындап, құрал-жабдықтар жеткізу кешеуілдеді. Салдарынан құрылыс қарқыны төмендеп кетті. Қазірде құрылыстың екінші кезеңіне сәйкес, ғимараттың шатыры жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау мен желдеткіш жүйелерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек, багаж жүйесі, лифт, эксколатор толық жеткізілді. Жалпы құрылыс жұмыстарының 80 пайызы бітті. Осыған орай, терминалды 2022 жылдың 1 тоқсанында іске қосу көзделіп отыр»,- дейді ол.
Дегенмен, кеңес төрағасы Еркін Тұрниязұлы басқарма басшысының бұл жауабына қанағаттана қоймады. Айтуынша, құрылыс жұмыстары дұрыс жоспарланбаған көрінеді.
«Жолдасовтың баяндамасын тыңдасақ, бәрі жақсы. Дегенмен, соңғы кездері басқарма басшыларының бірағы бітпейді. Пандемия қол байлау болды дейді. Десе де, пандемия биыл басталған жоқ қой. Неге құрылыс жұмыстарын жоспарлау барысында жұқпалы дерттен келіп жатқан кедергілерді ескермедіңіздер? Бұдан шығатын түйін, сіздер демек жұмыс жоспарын дұрыс құрмағансыздар! Пандемияға байланысты шекараларда шектеулердің болып жатқаны әмбеге аян еді ғой. Сайлауалды бағдарламасында терминалдың құрылысы биыл бітуі тиіс екенінен хабардарсыздар. Сондықтан, ғимаратты 2021-де тапсырудың әрекетін жасау тиіс едіңіздер. Дегенмен, қаражат жағы қол байлау болып тұрғаны, сіздердің осы кінәларыңызды жеңілдетіп тұр. Бұл инвестордың есебінен салынып жатқан жоба болғандықтан, олардың пандемия салдарынан табыстан қағылуы жағдайды қиындатады. Десе де, құрылыс жұмыстары тоқтап қалмайды деп үміттенемін. Мемлекет тарапынан берілетін қажетті қолдауларды көрсетіп отырыңыздар»,- деді Еркін Сатқанбаев.
Пікір қалдыру