Конституцияға енгізілетін өзгерістер әбіріміздің өмірімізге әсер етеді. Себебі Ата заң – мемлекеттің негізгі заңы. Сондықтан да әрбір азамат алдағы референдумда Конституциямыздың үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдау үшін дауыс беруге қатысуы аса маңызды.
Жалпыхалықтық референдум бізге не береді?
Референдумның нәтижесінде елдің саяси өмірі жандана түспек. Себебі Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде партияларды тіркеу талаптары жеңілдей түседі. Халық пен билік арасында алтын көпір болуға талпынған, өз күшіне сенген азамат Парламент пен мәслихатқа депутат болып сайлану үшін партиялық тізіммен емес, мажоритарлық сайлау жүйесімен мандат алуына мүмкіндік беріледі. Конституциялық соттың құрылуы да адам құқықтарының қорғалуында әділдіктің салтанат құруын еселей түспек.
Тұрғындарға түсіндіру барысында өзгеріске түсетін осы және өзге де нормалар туралы жалпылама мәлімет беріліп жатыр. Ал тұрғындар болса халықтың елді басқаруға қатысуын арттыра түсетін референдумға барып, дауыс беретіндерін айтты.
Бақыт Қыдырбаев
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Пікір қалдыру