AMANAT партиясының қалалық мәслихаттағы фракциясының мүшесі ретінде бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті он жетінші сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау бойынша отырысына қатыстым. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері.
2. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының нақтылауға ұсынған қаржылары туралы.
Тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан тиісті сауалдар қойылды. Сондай ақ, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қосымша ұсыныстар енгізу қажеттілігі айтылып, бiрлескен тұрақты комиссиялардың отырысында баяндауды ұсынды.
Бақыт Қыдырбаев
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Пікір қалдыру