БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаевпен бірге  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің ұстаздарымен кездестік.
Халық қалаулылары алдымен университет ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәуетбекқызымен тілдесті. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Мәселелер тыңдалып, екі жақты бір келісімге келді.
Сондай-ақ, депутаттар университет мұғалімдерімен де кездесті. Кездесу барысында педагогтар халық қалаулыларына өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Мұқият тыңдаған депутаттар, мәселелер заң шеңберінде шешілетіндігін айтып, барлық жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатындығын жеткізді.
З кезегінде Шымкент қалалық Мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде бір талапкерді өз есебімнен оқуға түсіретінімді айттым. Бұл менің азаматтық борышым деп білімін. Балаға қуаныш сыйлау — болашақтың қамалын қатайту деп білемін.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*