Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаевпен бірге Шымкенттегі №1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының ұжымымен кездестік.
Білім ордасының ұжымына Президентіміздің жолдауын кеңінен түсіндіруге тырыстық. Сайлаудың елімізге, еліміздегі әрбір тұрғынға тигізер септігін ортаға салдық.
Кездесу барысында мектеп мұғалімдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, депутаттар Шымкент қаласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жайында сөз қозғады.
Сондай-ақ, халық қалаулылары мектепте оқу жылының басталуына байланысты барлық пән сыныптарын жеке-жеке аралап, мектептің дайындық жұмыстарын пысықтады.
Бақыт Қыдырбаев
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Пікір қалдыру