Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 39 аулаға балалар ойын алаңшасын және ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы Володарский көшесі №2А тұрғын үйінің ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Су жаңа спорт алаңшасы салынғалы тұрғындардың да көңіл-күйлері көтеріңкі. Мегаполис басшысы жергілікті халықпен жүздесу барысында спорт алаңшаларын күтіп ұстауға кеңес беріп, бұл нысан елдің ортақ игілігі екенін ұғындырып өтті. Спорт алаңшалары сапаға сәйкес заманауи үлгіде, балалардың шаттана ойын ойнауына қолайлы етіп жасалған. Балалардың игілігі үшін жасалған бұл алаңшалар заман ағымына сай етіп жасалынған. Бала — болашақ, бала — елдің ертеңі. Сол үшін де олардың дұрыс қалыптасып, озық ойлы болып өсуіне бүгінгі аға ұрпақ осындай көңіліне қуаныш сыйлайтын өзгерістерден бастау керек. Бүгінгі берілген ойын алаңшасында елдің тұтқасын ұстар, қамын күйттейтін балалар өсіп жетілеріне сеніміміз мол.
Айта кетейік, бұл жерде тек ойын алаңшасы ғана емес, салауатты өмір салтын ұстануға түрлі жаттығу орындары бар. Спорттық жаттығу құралдарының пайдасы тек жастарға ғана емес, қарттарымызға да пайдасы бар. Елдің игілігіне берілген соң күтіп, баптап көпшіліктің меншігі деп қабылдауға шақырды қала әкімі.
Пікір қалдыру