ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Миллионды қаланың білім саласына жаңа басшы келді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.
 Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.
 Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.
 Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Осыған дейін қаланың білім саласындағы бірқатар жұмыстар туралы тізіп көрейік.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
2020 жылы қаладағы 36 мектепте сыртқы әжетхана болатын. Аталған әжетханалар толығымен жойылып, мектеп ішіне жылы әжетханалар орнатылды және білім ұйымдарының ауласын жарықтандыру, қоршау жұмыстары толығымен шешімін тапқан.
Сонымен қатар, мектептер 100% арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілген.
Балаларды қосымша біліммен қамту бағытында:
Қаламызда 2019 жылы балаларды қосымша біліммен қамту үлесі 41,1% құраған. Аталған бағыттағы жұмыстар 4 жыл ішінде 84,2% құрап, 210 мыңнан аса бала қосымша біліммен қамтылуда.
Сонымен қатар, 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамтылуда (2022 жылы 3000 бала).
Аталған бағытта қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымдары салынып, пайдалануға беріледі.
— 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы қамтитын);
— 500 орындық 1 оқушылар сарайы (12 000 баланы қамтитын).
Инклюзивті білім беру:
Шымкент қаласында 3 жыл ішінде 6 арнайы білім беру ұйымдары, 3 ресурстық орталық, 3 инклюзивті қолдау кабинеті және Білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» өз жұмысын бастады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*