ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗМЕТІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАНҒАН КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың  18 кәсіпорын жобаны енгізді.
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 112 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 5 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Айта кететін жаңалықтардың бірі, ел бойынша еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйектегі халыққа Жолдауында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасын қабылдануын жеделдетуге тапсырма берді. Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы әзірленіп, оны іске асырудың жол картасы бекітіліп, түрлі деңгейде талқыланып келеді.
Жалпы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жыл басынан бері азаматтардан 500-ге жуық өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*