ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ ЕНГІЗГЕН 20 КӘСІПОРЫН БАР

Конституциямызға сәйкес әркімнің қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар. Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген, бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді. Сонымен қатар, «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізілді.

2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 71 кәсіпорын қосылды.

Тілге тиек етейік, биыл мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 1360 арыз-шағымдары қаралып, нәтижесінде 277 тексеру жүргізіліп, 538 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 430, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 101, жұмыспен қамту — 7). Анықталған бұзушылықтардың 491 жойылып, заңға сәйкестендірілді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша 162 нұсқама беріліп, жалпы құны 14,3 млн.теңгені құрйтын 127 айыппұл салынды, оның ішінде 9,5 млн.теңге көлеміндегі 112 айыппұл өндірілді.

Есепті кезеңде, 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн.теңге жалақы қарыздары төленді. Қазіргі уақытта, Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*