Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық – коммуникациялық орталығында қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өткен жылы қала аумағындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі, жалақы қарызы, ұжымдық шарттар мен электрондық еңбек шарттарын есепке алу және басқа да мәселелер бойынша сөз қозғады.
Биыл мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 1360 арыз-шағымдары қаралып, нәтижесінде 277 тексеру жүргізіліп, 538 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 430, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 101, жұмыспен қамту — 7). Анықталған бұзушылықтардың 491 жойылып, заңға сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша 162 нұсқама беріліп, жалпы құны 14,3 млн.теңгені құрйтын 127 айыппұл салынды, оның ішінде 9,5 млн.теңге көлеміндегі 112 айыппұл өндірілді.
Есепті кезеңде, 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн.теңге жалақы қарыздары төленді. Қазіргі уақытта, Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен — 154 тексеру жүргізіліп, 179 заң бұзушылық анықталды (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша — 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 23, жұмыспен қамту – 7), бұзушылықтардың негізінде — 76 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтардың 145-і жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді. Аталған бұзушылықтар бойынша 15,5 млн.теңгеге 58 айыппұл салынып, оның ішінде 6,1 млн.теңге сомасына 43 айыппұл өндірілді. Еңбек ұжымдарында 2022 жылдың ішінде орын алған мәселелер (жалақы қарыздары бойынша)Жыл басынан 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді. Қала аумағындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты. Есепті кезеңде, Үш жақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Пікір қалдыру