2024 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында бюджетке 120,8 млрд. теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 111,1%-ға орындалды. Жоспар 108,7 млрд. теңге болатын. Көрсеткіштің артығымен орындалуы меншік салығынан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы, жеке табыс салығынан, азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер және өзге де салықтық емес түсімдер есебінен жүзеге асты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында кіріс көздерін ұлғайта түсу тапсырмасы берілді. Әсіресе, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылса да, салықтан жалтарып жүрген білім және өзге де салаларға қатысты мекемелердің қаржылық әрекеттерін зерделеу, тиісті шешім қабылдау мәселесі терең талқыланды. Жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.
Кіріс көлемін көбейту, қаржы саласындағы жұмыстарды күшейту, «көлеңкелі экономиканың» жолын кесу бағытында міндеттер қойылды.
– Жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, өзіндік кіріс көлемін көбейту – басты міндет. Аудан, қала әкімдері, қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жауапты басқарма басшылары Мемлекеттік кірістер департаментімен осы бағытта жұмысты жандандырулары тиіс. Біз бір-бірімізге сыни көзбен қарамасақ, алға жылжу, даму болмайды. Кәсіпкерлерге салық төлеудің маңызын түсіндірген жөн. Сауда орындарын, кәсіпкерлік нысандарын тіркеп, жұмысты жүйелеңіздер. Облыстың өзіндік кірісі ұлғайғанда ғана күрделі мәселелерді шеше аламыз. Бюджетті молайтуда биік меже қою қажет, – деген Дархан Сатыбалды жоспарды орындамаған аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты.
Алты айда салықтық түсімдер бойынша бюджетке 91,8 млрд. теңге көлемінде түсім түсіп жоспардың 108,8%-ын құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша 15,0 млрд. теңге түсім түсіп, жоспардағы 13,0 млрд. теңгеден жоғары болды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 14,0 млрд. теңге түсіп, артығымен орындалды. Негізі қойылған меже 11,3 млрд. теңге болатын. Өңірде кіріс көздерін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды. Салық органы тарапынан кәсіпкерлік қажеттілікте пайдаланылатын объектілердің бағалау құнын анықтау, салық төлеу мәдениетін көтеру және қаржы саласына қатысты жұмыстар атқарылып келеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады. Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында […]
Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі биылғы жылы онлайн режимінде өтетін болады. Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан […]
Түркістан облысына қарасты Созақ аудан өнім өндіріп, экономикаға елеулі үлес қосып отырған аудандардың алғы шебінде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес, Созақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге өңірдің дамуы, […]
Пікір қалдыру