Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен, көшелердің жарықтандырылуымен тікелей байланысты.
Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта биылғы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады.
Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен, «Дан-Строй-Проект» ЖШС техникалық қадағалауындағы «EL-KZ 2020» ЖШС, «Тумар-СтройПроект» ЖШС мердігер мекемелер тарапынан атқарылады.
Автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 400-ге жуық нысан және 1250 шақырым жолдар мен елді мекен көшелері қамтылады. 780 шақырымнан астам жолды биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79%-дан 81,4%-ға дейін арттыру көзделуде.
Сайрам ауданында басқа көшелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған және қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Заманауи және қауіпсіз жол жағдайларын жасау-жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ экономиканы дамытуға және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды жақсарту жалағасын таппақ.
Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр екен. Айта кетерлігі, Арыс […]
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылы 131 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, 343,6 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Өңірде бүгінгі таңда 25,8 мың тонна шитті мақта жиналды, ол жалпы қордың 8%-ы. Аймақта қайта өңдеумен […]
Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 45,4%-ы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар. Ал 54,6%-ы – тас жол. 2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. […]
Пікір қалдыру