Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі – «Отырар» шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысандарға барып, жұмыс барысын тексерді. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
– Тұрғын үйлерге тиісті қаражаты бөлінген. Мемлекет пен халық алдында жауапкершілік алған соң жұмысты сапалы атқарған жөн. Үйлер талапқа сай әрі уақтылы тапсырылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды мердігерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Үйлерге кіріп, пәтерлерді аралап көрді. Сапасын тексерді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «Отау строй», «Дос и К сервис», «Ақ-Жол», «Ынтымақ Бес-Арыс», «CK NEW CITY», «РСУ-1», «TOLAGAI-2050» ЖШС-лері жүргізіп жатыр. Бас жобалаушы – «Project Building» ЖШС.
Құрлысшы мердігерлер облыс әкіміне жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. 11,4 га жер көлемі бар кешендегі жалпы пәтер саны – 800. Пәтерлердің ауданы 50 414 шаршы метрді құрайды. Өткен жылдың тамыз айында басталған тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Айта кетейік, облыс құрылғаннан бері құрылыс қарқыны 2,9 есеге өсті. 176 көпқабатты үй салынды, 40 мыңдай отбасы жаңа пәтерге ие болды. 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында шамамен 80 мың тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағынаудандар бой көтеріп, талай отбасының баспана мәселесі шешілді.
Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар 2024 жылы жалпы 145 000 шаршы метрді құрайтын 191 үй салу жоспары бекітілді. Қазір 159 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2600-ден астам азамат баспаналы болды.
Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Республикалық көрсеткішке сәйкес, өңірдің қалалары 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 63 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 15,7 […]
Түркістан облысында ағымдағы жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша атаулы әлеуметтік көмек 99,7 мың отбасыға, нақты 577,8 мың адамға тағайындалған. Оның ішінде 352,4 мыңы – балалар, 65,7 мың отбасы – көп балалылар. Бүгін бұл туралы Түркістан […]
Кептірілген жемістер мен көкөністер тамақ өнеркәсібінде кең қолданысқа ие. Сондай-ақ олар жақсы сақталады және көп орынды қажет етпейді. Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ […]
Пікір қалдыру