ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды.
Сайрам ауданының жастары көптеген спорттық сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Осыған орай, аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға қолдау таныту, спортшыларға серпіліс сыйлау мақсатында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Сапар барысында аудан басшысы Арман Сәбитовпен және жауапты тұлғалармен бірге спорт нысанының жағдайын жіті саралады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне тез арада берілуін тапсырды.
Аталған нысанның қажетті қаржысы бюджеттен қаралып, құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде «ЮгТехНадзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы «НурТехСервис» ЖШС мердігер мекеме тарапынан іргетас құю, қабырға қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы уақытта сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені биыл тамыз айының соңында пайдалануға берілу жоспарлануда.
Айта кетейік, жалпы аудан аумағында 406 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде, 109 спорт зал, 266 спорттық алаң, 2 стадион, 3 спорттық кешен, 1 жүзу бассейні, 1 оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық, 2 теннис корты, 21 жабық футбол алаңы бар.
Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды. Сондай-ақ, […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапарын Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғастырды. Сапар барысында сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanlin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өтіп, […]
Түркістан қаласында осы уақытқа дейін қатты отынмен жұмыс істеп келген 40 Гкал қуаттылықтағы қазандықты табиғи газға ауыстыру жұмыстары аяқталуға таяу. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 1-ші қазанға дейін қазандық пайдалымға беріледі. Облыстық энергетитика және тұрғын […]
Пікір қалдыру