Облыста АӘК төлеуге көзделген 60,7 млрд.теңге қаржының бүгінгі таңда 71%-ы, 43 млрд.теңгесі игерілген.
«АӘК төлемдері мен жұмыспен қамту шаралары қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін көптеген отбасыларға көмектесті. Мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан шынайы қолдау көрді, оның жартысы дерлік көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, кейбіреулері аз қамтылғандар санатынан шықты. Облыста жалпы 62,8 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 1 мың адам кәсіпкерлікті дамытуға микрокредиттер алды, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту үшін 74 көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар тұлғалар және жастар шағын несиелер алды. Сондай-ақ, бизнес идеяны іске асыруға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1,2 мың грант берілді, оның ішінде 120 көпбалалы отбасылар алды. АӘК-ң біржолғы төлем есебінен 5439 адам өз ісін ашты, оның ішінде 1909 адам — көпбалалы аналар», – деді Әсия Құралқызы.
Алайда, АӘК-ті заңсыз тағайындауға алып келген 18 мыңнан астам отбасы өзінің нақты табысын жасырғандығы анықталған. Нәтижесінде облыста жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша 3 млрд.теңгеге жуық қаржы үнемделіп, артық төленген 650 млн.теңгенің 38,8 млн.теңгесі қайтарылып отыр.
Пікір қалдыру